Қазнетте компьютерде мәтін теру арқылы көп ақша табуға болатыны жайлы жарнамалар кеңінен тарап жатыр. Алайда мұндай мамандар "Қазақстан кітапханасына" қажет деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Stopfake.kz басылымы жарнамадағы "Қазақстан кітапханасы" деген мекеменің елімізде мүлдем жоқ екендігін ескертеді.
Демек, іс жүзінде жоқ кәсіпорын қызметкерлерді жұмысқа қабылдай алмайды.
Видеода көзілдірік киген ақ шашты әйел мол табыс табу туралы айтады. Оның фотосуретін желіден іздестіргенде, 2022 жылы ол күмәнді риэлторлардың қызметін жарнамалағаны анықталды. Сондай-ақ ол өзін бастауыш сынып мұғалімі ретінде таныстырып, мәтін теру арқылы 23 мың рубль көлемінде табыс тапқанын жариялаған. Ол алдын ала терілген мәтінді оқыған әртістің рөлін сомдауы мүмкін.